Агротехникалық университетте цифрлық студия ашылды
Агротехникалық университетте цифрлық студия ашылды
180
оқылды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Оқу-әкімшілік бас ғимаратында JalingaStudio бағдарламалық  қамтамасыз етудің патенттелген жүйесімен жұмыс істейтін  бейне дәрістерді жазуға және мультимедиялық презентациялар өткізуге арналған сандық бейне студияның ашылу салтанаты өтті.

Оған Басқарма төрағасының оқу ісі жөніндегі орынбасары – ректор Айтжан Абдыров, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Сарбасова және Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бас менеджері Еркебұлан Шәріпов қатысты. Бұл елордадағы университеттер арасындағы алғашқы сандық бейнестудия болып отыр. Цифрлық бейнестудия кабинетінің лентасын қиған А.М.Абдыров: – Ашылып отырған сандық бейне студия университеттің цифрландыру жол картасына сәйкес жүзеге асырылды. Студия ақпараттық бейне презентацияларды көрсетуге, онлайн-дәрістерді жүргізуге және веб-конференциялар өткізуге арналған. Цифрлық студия шу мен жарықтан оқшауланған. Сонымен қатар сенсорлық тақта, бейнекамера, телесуфлер, мультимедиялық планшет, жарық шамдары, қағаз және мата фондар түрінде кәсіби жабдықтармен жабдықталған. Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бас менеджері Ерқанат Шәріпов ашылу салтанатына келген қонақтарға: – Дәрістің жазылуы кезінде оқытушы интерактивті презентация элементтерін (3D графикасы, браузер бойынша шолу, карта, мәтін) бейнені жазу және тарату кезінде қолдана алады. Сонымен қатар нақты уақыт режимінде салынған презентациямен және спикердің экрандарына жазу процесінің жай-күйі туралы қосымша ақпаратпен бейне шығару мүмкіндігі бар. Бейнекамера жоғары сапалы видео (4K) түсіреді және спикер (оқытушы) үшін қосымша макияжды қажет етпейді. Алынған бейне материалдарды жылдам өңдей отырып, жоғары сапалы бейне жазу үшін құрылған Jalingo студиясы мен бағдарламалық жасақтамасы мамандардың көмегіне жүгінбестен түсірілімді дербес бақылауға мүмкіндік береді, – деп егжей-тегжейлі таныстырды. Жаңа студияның алдында дәріс беріп көрген «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Сандуғаш Төкенова және «Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Сергеевна Герасименко дәріс беруде жаңа технологияның өте тиімді тұсын айтып, алған әсерімен бөлісті.  width=