Министрліктер мен ведомстволардың басшылары карантиндік шектеулерді ескере отырып, «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық бөлмесі алаңында азаматтарды жеке қабылдауды онлайн-форматта өткізеді. Сонымен, 2 маусымда азаматтарды қабылдауды Энергетика вице-министрі Мұрат Жөребеков, 4 маусымда - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Марат Ахметжанов, 9 маусымда - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, сондай-ақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 10 маусымда - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, 11 маусымда - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, 14 маусымда – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, 16 маусымда - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, 18 маусымда - «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы – Абылай Мырзахметов, сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, 22 маусымда - Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев, 25 маусымда - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, 28 маусымда - Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов азаматтарды қабылдайды. Кездесуге жазылу үшін:
- Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
- WhatsApp: 8 700 800 4441;
- komek@nurotan.kz