Елбасы «Қазақстан темір жолы» басшысын қабылдады
Елбасы «Қазақстан темір жолы» басшысын қабылдады
150
оқылды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі инфрақұрылымдық даму нәтижелеріне тоқталып, темір жол желілерін кеңейту саласындағы жетістіктерді атап өтті.
– Біз инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін көп жұмыс атқардық. Осы уақыт ішінде екі жарым мың шақырым темір жол салынды. Сөйтіп, еліміздің темір жол желілерін дамыттық, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру, экспорттық және транзиттік тасымалды ұлғайту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында компанияның атқарып жатқан шаралары туралы баяндалды.