Екатеринбург - Алматы тас жолында 3 тонна жанармай жолға төгілді, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ресми мәліметке сәйкес, оқыс жағдай Жібек жолы кентінің маңында болған. Астанаға бет алған жүк көлігіне 7 тонна жанармай құйылған екен.
"Техникалық ақауға байланысты DAF жүк көлігінің цистернасында саңлау пайда болып, шамамен үш тонна жанармай жолға төгілді. От тұтану қаупі болғандықтан Аршалы ауданының тәртіп сақшылары өрт сөндірушілер келгенге дейін тас жолды жауып тастады", – дейді полицейлер.Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанармай төгілген жерге алдымен су, одан кейін құм шашқан. Ал жүк көлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 630-бабы, 1-тармағы бойынша (жолдарды, темiржол өтпелерi мен басқа да жол құрылыстарын бүлдiру) жауапқа тартылды.