Қарағандыда алып жүк көлігі автокөлікті жаншып кетті
Қарағандыда алып жүк көлігі автокөлікті жаншып кетті
98
оқылды
Қарағанды облысында алып жүк көлігі автокөлікті жаншып қалды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Оқиға Қарағанды облысындағы карьерлердің бірінде болған. Оқиға кезінде Suzuki маркалы жол талғамайтын көлік салонында үш ер адам болған. Үш ер адам карьерге желдеткішті жөндеуге барып, алып жүк көлігі жанына тоқтаған. Жүргізуші автокөлікті көрмеген. Алып жүк көлігі автокөлікке қарай жүргенде ер адамдар бар дауыстарымен айғайлай бастаған. Ешкім зардап шекпеген. https://www.youtube.com/watch?v=MRMWNfP35Wk Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство өкілі жедел-тергеу тобы оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр.