ШҚО полицейлері жарты тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл сайын 1 маусымнан бастап бүкіл республика аумағында “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, республиканың оңтүстік өңірлерінің аумақтарында өсетін жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу.
"Оңтүстік өңірлерден жабайы өсетін сораны және басқа да психотроптық, есірткі заттарын шығару арналарын жабу үшін ШҚО аумағында төрт жедел-мобильді топ құрылды. Жыл басынан бері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 638 кг. түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бес ай көлемінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 120 факт анықталды, оның ішінде 91-і сату мақсатында екені анықталды", – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.