Бүгін оңтүстіктен келетін циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.
Батыста нөсер жауын жауады. Жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңда тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының таулы аймағында дауыл тұрады, күндіз кей жерлерде жел, шаңды дауыл тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақтөбе, Атырау облыстарында жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Қарағанды облысында бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облысында өрт қаупі сақталады.