Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады
Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады
5,135
оқылды

«Қазтелерадио» компаниясының мәліметінше, маусым айында Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының кейбір радиотелевизия стансаларында аналог эфирлік телехабар тарату жабдығын бұзып-бөлшектеу жұмыстары басталады.

Жұмысты айына 5 күнде жүргізу жоспарда бар.

«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақ туындаған жағдайда Сall орталықтың мына нөмірлеріне хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ abonent@otautv.kz электронды поштасына жазуға болады» делінген ресми мәліметте.