Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Цемент импортына тыйым салатын бұйрықтың күшін жою қарастырылып жатыр, – деп жазады 24.kz. Шетелге цементті сатпау туралы шешім отандық цемент өндірушілерді қолдау мақсатында алты айға енгізілген еді. Бүгінде зауыттарда цементтің орташа бағасы қосымша құн салығын есептегенде – 22 400 теңге. Бірақ цемент бағасын алыпсатарлар қымбаттатып отыр. Қазақстанда 15 цемент зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаты – 16,5 миллион тонна.Бұған дейін құрылыс материалдарының бағасы қымбаттағанын жазған болатынбыз.