Санитарлық дәрігерлер алған су сынамасынан оның құртқа толы екені анықталды. Мамандар Бескөл ауылының тұрғындары судан уланғанын айтты.
Сырқаттарға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жангелді Ибраев: «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Ауырғандардың үйінен және Есіл өзені құятын көлден судың сынамасы алынып, санитария-химиялық, бактериологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге тексерілді. Нәтижесінде, үйлерден алынған 6 сынама бактериологиялық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті. Яғни, ауызсу ластанған. Қосымша сараптама тағайындалды», – дейді.
Бұған дейін Бескөл ауылында 100-ден астам тұрғын ауырып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.