2025 жылға дейін автокөлік жолдарының 11 мың шақырымына ақылы жүйе енгізілмек
2025 жылға дейін автокөлік жолдарының 11 мың шақырымына ақылы жүйе енгізілмек
103
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Басқармасының сөзінше, көптеген елдердегі төлем жүйесі "Жолды кім пайдаланады – сол оның күтіп-ұстауына ақша төлейді" деген қағидаға негізделген. Өйткені жолдың бұзылуы көбіне инертті материалдарды тасымалдайтын ауыр жүк көліктердің жүруінен болып жатады. Оған қоса, Қазақстан аумағы арқылы сыртқы елдерден он мыңдаған транзиттік жүк машинасы тоқтаусыз өтуде. Ал біздің тасымалдаушылар шет елдердің аумағынан өткенде барлық алымдарды өтейтіні тағы бар. Сол үшін де автожолдардың жаңа учаскелерінде ақылы жүйені енгізуде алыс жолға шығатын жүргізушілер де ескерілді.

"Министр бұл мәселе соңғы 2 жыл ішінде "Атамекен" ҰКП-мен, қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде Қазақстанның тасымалдаушылар одақтарымен – "ҚазАТО" және Казлогистикс қауымдастықтарымен бірлесіп талқылап, Казлогистикс өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні жоғарыда аталған ведомстволар барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың ұсыныстарын жинауда. Ұсыныстар толық жиналғаннан кейін, жаңа учаскелерде ақылы жүйені енгізу туралы және төлем мөлшерлемелері туралы бұйрықтардың жобалары қаралатын болады" деп хабарлады баспасөз қызметі. Ақылы жүйені енгізудің негізгі мақсаты – автожолдарды күтіп-ұстау шығындарын жабу және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту. Қолданыстағы учаскелердегі төлемақы мөлшерлемелері 2013 жылы «Астана-Щучинск» жолында алғашқы ақылы жүйе енгізілгенде Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан бекітілген. Мысалы, жол жүру ақысының мөлшерлемесін шетелдермен салыстырсақ, Ресейде жүк машиналары 1 шақырым үшін 22 теңге төлейді. Италия мен Германияда орташа есеппен – 70 теңге, Беларусьте – 80 теңге, ал Хорватияда жүк көлігіне арналған жолдарда жүру құны – 122 теңге.

Қазір қолданыстағы 4 ақылы учаске бойынша ғана төлем алынатынын айта кету керек. Төлем мөлшерлемесі көлік құралының жүк көтергіштігіне негізделе есептеледі. Мәселен: - жеңіл автокөліктерге 1 шақырым үшін 1 теңге. Бұл ретте жергілікті жеңіл көлік үшін құны 1 000 теңгені құрайтын бір жылдық абонемент қарастырылған; - автобустар үшін отырғызу орындарының санына байланысты бір шақырымға 5-тен 15 теңгеге дейін. Ал қалааралық және жергілікті рейстік автобустар төлемнен босатылған. - жүк көтергіштігіне байланысты жүк автокөліктері үшін бір шақырымға 5 теңгеден 25 теңгеге дейін.