Тараптар екі ел арасында тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, - деп хабарлады elbasy.kz.
«Қазақстан мен Армения арасында тарихи тұрғыдан жақсы қарым-қатынас қалыптасты. Тәуелсіздік жылдарында мен Арменияның барлық президенттерімен әріптестік байланыста болдым. Біздің елдер арасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Қазір Армениядағы жағдай күрделі екенін білемін», – деді Елбасы.Нұрсұлтан Назарбаев Армения, Әзербайжан және Ресей көшбасшылары арасында 2020 жылы 9 қарашада қол жеткізілген уағдаластық Ереван мен Баку арасындағы барлық түйткілді мәселелерді шешуге жол ашатынына сенім білдірді. Армения президенті Армен Саркисян Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қонақжайлық танытып, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
«Біз жақсы әрі жақын қарым-қатынастамыз. Бұл шын мәнінде солай. Ұзақ жылдан бері Қазақстанда армян қауымы бақуатты өмір сүріп жатыр. Біздің достығымыздың Армениямен қатар, барша армян ұлты үшін де маңызы зор», – деді А.Саркисян.