Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына қол қойды.  Қаулыға сәйкес, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасы іске асырылады:
  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  10. бильярд клубтары;
  11. концерт залдары;
  12. ерікті қатысушылар;
  13. караоке;
  14. көрмелер;
  15. океанариум;
  16. марафондар;
  17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  18. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;
  19. (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
  20. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  21. балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  22. цирктер;
  23. отельдер, қонақ үйлер.
«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 22 қаулысының күші жойылды деп танылсын", - делінген құжатта.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.