Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасы іске асырылады:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;
- (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
- балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
- цирктер;
- отельдер, қонақ үйлер.
«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 22 қаулысының күші жойылды деп танылсын", - делінген құжатта.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.