Алматыда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
Алматыда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
100
оқылды
Алматыда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, жеке үйлердің қоршауын қиратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол-көлік апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні түскі сағат 13:30 шамасында болған. «Kia Rio» автокөлігінің жүргізушісі Енисей көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Папанин көшесінің қиылысында 2.4 (жол беріңіз) ережесін елемей, Папанин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ-ға соғылды.
«Салдарынан КамАЗ жүк көлігі жолдан шығып кетіп, екі үйдің темір қоршауы мен газ құбырының тірегіне соғылды. Аталған факт бойынша тексеру басталды», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының  бастығы Олжас Шәріпов.