Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін тексеру кезінде қаржы жеткіліксіздігін анықтады,
"Жақында уәкілетті органға тексеру жүргізу барысында 148 көлік иелерінен жоғары сұраныстағы (VIP нөмір) мемлекеттік тіркеу нөмірлері үшін 44,4 миллион теңге мемлекет қазынасына түспегені анықталды. Оған қосымша 130 көлік иесінен механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алынатын 123,2 миллион теңге алым бюджетке түспеген", – деді ведомство өкілі.Бұл факт бойынша Шымкент қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғалған.