Әнші Ақбота Керімбекова өзінің қымбат көлік сатып алғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ол өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерейдің жаңа көлік алуымен құттықтаған видеосынан кейін ел алдында ақталуға мәжбүр болған. Өнер иесі өзін қызу талқыға салған желі қолданушыларына Instagram арқылы жауап беріп, бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қайрат Әділгерей бәрін әзіл ретінде түсірген. "Уайымдамаңыздар! Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын. Қайратжан болашақта жететін жетістіктеріммен ертерек құттықтағаныңа рақмет. Қайрат көңілің қалмасын. Біз ондайға үйренгенбіз. Мақтаса да, даттаса да өз қазағымыз ғой. Сол себепті халқыңның көңілін көтеріп жүре бер", – деп жазды әнші.