"Өмірімді жек көремін": блогер тікелей эфирде өзіне қол жұмсады
"Өмірімді жек көремін": блогер тікелей эфирде өзіне қол жұмсады
151
оқылды

Instagram блогері Ангел Эрнандес Градо (Angel Hernandez Grado) өзіне қол жұмсау сәтін тікелей эфирде көрсетті. 28 жастағы ер адам көлігін полиция қоршап алғаннан кейін өзіне тапанша тақаған. Оқиға АҚШ-та болған. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Полиция көшелердің бірінен блогердің көлігін байқап, оның ізінен қуған. Себебі Градоның үстінен 25 жастағы әйел арыз жазған. Әйелдің айтуынша, блогер оны екі күн бойы қамауда ұстап, зорлық көрсетіп, тұншықтырып, басын балтамен ұрған. Кейін ол қамаудан қашып шығып, көршілеріне оның қауіпті екенін айтқан. Полицейлер Градоның көлігін бірнеше сағат бойы ұстай алмаған. Ақыр соңы, қуып жетіп, көлігінің екі жағынан қысқан. Осы кезде Градо Instagram-ды қосып, тікелей эфирде қолына тапанша алып, өзін атады. "Мен қазір әлсізбін. Мен өмірімді жек көремін, бауырларым", - деді ол тікелей эфирде. Сонымен бірге ол кішкентай ұлын жақсы көретінін айтқан. Кейін тапаншаның шүріппесін басқан. Ол ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады. Жәбірленуші әйел де ауруханада болды. Дәрігерлерідің мәліметінше, оның қабырғалары сынып, беті мен денесі көгерген. Instagram-нан Angel Hernandez Grado есімді бір ғана қолданушы табылды. Оның соңғы жазбасында желі қолданушылары қазасына қайғырғанын жазған. Сонымен бірге блогердің көлігі мен желіде тарап жүрген, оқиға орнынан түсірілген суреттегі көліктер де сәйкес келеді және парақшадан оның кішкентай ұлы бар екенін байқауға болады. Қазір марқұмның Instagram парақшасында 60 мыңға жуық оқырман бар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ????? ????????? ????? (@s2k_wya)