Әзербайжандағы қазақстандықтар қорғалады

Әзербайжандағы қазақстандықтар қорғалады

Сенаторлар Каспий бойынша көршімізбен арадағы көші-қон ынтымақтастығы келісімін ратификациялады. Құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі. Мәулен Әшімбаев­тың төрағалығымен өткен Сенат отырысында палата де­­путаттары Қазақстан мен Әзербайжан үкіметтері ара­­­­сын­­­­дағы «Көші-қон саласындағы ынтымақтастық ту­ралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қа­­былдады.

Бұл келісім көші-қон сала­сын­­­дағы екіжақты ынтымақ­­тастық үшін құқықтық негіз қалып­тас­ты­рады және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлесіп әрекет етуді көздейді. «Осы құжат арқылы Әзер­­байжанда жүрген азамат­­­тары­мыздың мүдделерін тиісті дең­гейде қорғау үшін қосымша мүм­кіндіктер ашылады. Алдағы уа­қытта бұл заң көші-қон саласын реттеп, екі ел арасындағы ынты­мақтастықты одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп се­­неміз», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар отырыс бары­сында сенаторлар депу­­таттық сауал­­­дарын жол­дады. С.Ершов азаматтық қорғаныс органдарын материалдық-техникалық қамта­масыз етуді және ондағы қызмет­керлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін көтерді. Ал Ә.Нұ­­­­ралиев елі­міздегі экология проб­­­­лемаларына назар аударып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Себебі еліміздегі қатты тұр­мыс­тық қалдық полигондарының 82%-ы экологиялық және са­нитарлық нор­маларға сәйкес келмейді. Қа­зір еліміздегі 3 мың­­­нан астам по­лигонда 125 млн тон­надан аса қатты тұр­мыстық қалдық жи­нал­ған.  

Елдос СЕНБАЙ