Жерді кімдер жалға ала алады?
Жерді кімдер жалға ала алады?
194
оқылды

Биылғы Жер реформасы комиссиясы қызметінің қорытындысы негізінде, Президент тапсырмасымен жазылған заң құпталды. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Кейбір заңнамалық актілерге жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын I оқылымда мақұлдады.

Онда жердің пайдаланылуын және қорғалуын бақылау кү­шейтіледі. – Бұл құжат Мемлекет бас­шысы Қ.Тоқаевтың тікелей тап­сырмасымен әзірленді. Ең алдымен халқымыздың назарында жүрген өте маңызды жер мәселесі бойын­ша нақты шешім қабыл­­данды. Ең бастысы, ауыл шаруа­­шылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру заңмен бекітілді, – деді Н.Нығ­матулин. Мәжіліс Төрағасы атап өткен­дей, «орталық-облыс-аудан» қа­ғидаты бойынша бірыңғай верти­кальді заң жүзінде қайта қалпына келтіру ауыл шаруашы­лы­ғы мақса­тындағы жерлердің ұтымды пайда­ланылуын пәрменді бақы­лауға мүмкіндік береді. «Заң жобасы ауылдықтардың жеке малын жаюы үшін қажетті жайылым тапшылығы пробле­масын шешуге септеседі. Жерлер­дің пайдаланылуын және қор­ғалуын бақылау күшейтіледі. Жер телімдері бойынша ақпа­раттың ашықтығы мен қол­же­тімділігі артады. Тұтастай ал­ғанда, осы заңды қабылдау және жүзеге асыру нәтижесінде ауыл шаруа­шылығы жерлерін жалға алу ісі реттеледі, жерлердің пай­дала­ны­луын мем­лекеттік бақылау пәр­менді етіледі. Ел басшы­лы­ғы­ның талап етіп отырғаны да осы! – деп түйген Нұрлан Нығматулин Жер ре­формасы жөніндегі комис­сия жұмысына, сондай-ақ заң жоба­­сының нормаларын жетілді­руге барлық парламенттік фракция депутаттары, қоғам өкілдері мен сарапшылар белсенді қатысқанын атап өтті. Заң жобасында мемлекеттік жер кадастрының автоматтан­ды­рылған ақпараттық жүйесінде орналастыру арқылы ұзақмерзім­дік жалға берілген ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер учас­келері бойынша ақпаратты (дербес деректерді көрсетпей) қоғам үшін ашық жария ету көзделеді. Сонда қай жер телімінің иесі кім екені анықталады. Сонымен қатар отырыста Әкім­шілік құқықбұзушылық ту­ралы кодекске өзгерістер мен то­лықтырулар енгізетін заң жо­басы I оқылымда мақұлданды. Спи­кер­дің айтуынша, жаңа заң­­на­ма­лық түзетулер отандық кә­сіпкер­лерді заңсыз қысымнан қорғауды кү­­шейтеді. Атап айт­­қанда, жауапты тұлғаларды әкім­шілік жауапқа тарту бойынша ескіру мерзімі 1 жылға дейін ұл­ғайтылмақ. Қазір мемор­ган­­дардың тексеру нәтиже­леріне шағымдану процесі ұзақ уақытқа созылады. Салдарынан кә­сіп­керлерді тексеруге қатысты заң­наманы бұзған бақылау-қа­да­ғалау органдарының шенеунік­терін жауапқа тартудың ескіру мер­зімдері өтіп кетеді. Сондай-ақ прокурор қаулысын орында­­­мағаны үшін жаза белгілеу ұсы­нылды. Бұл прокурорлық қада­ғалаудың пәр­менді және тиімді құралының біріне айналады және кәсіпкерлерді қорғау дең­гейін арттырады деп күтілуде.  

Айхан ШӘРІП