Көзі нашар домбырашы байқауда жеңіске жетті
Көзі нашар домбырашы байқауда жеңіске жетті
128
оқылды

Ерекше білім беру қажет­тілігі бар балаларға арналған Juldyzai халықаралық онлайн фестивалінің қорытындысы шықты. Жас таланттар вокал, хореография, аспаптарда ой­нау, қимылмен ән салу номинацияларында сынға түсті.

Байқауға Қазақстан, Ресей, Грузия және Өзбекстаннан келген 10 жастан 18 жасқа дейінгі 3 мыңға жуық бала қатысты.  379 бала финалға жолдама алды. 14 жастағы қарағандылық Нұрдәулет Сағатбек фестивальдің жалғыз Гран-при иегері атанды. Ол Дина Нұрпейісованың «Бұл­бұл» күйін орындады. Нұрдәулет Қарағанды облысының Білім бас­қармасының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатында оқиды. Жетекшісі – Нұрдәулет Ыдырысов. «Бала кезімнен музыкамен әуес­тенемін. Бірақ домбыраға 11 жа­сымда жазылдым. Үш жыл ішін­де 13 күй және бір ән жаздым, оны ата-анама арнадым. Әннің сөзін Өркен Мұңайтпас жазған. Фес­тиваль кезінде қатты уайым­дамадым, өйткені өзіме сенімді болдым және жеңіске жететінімді сездім. Болашақта композитор, күйші болғым келеді, музыка жазғым келеді. Домбырадан басқа, вокалмен де айналысамын және фортепианода ойнаймын», – дейді ол. Бұл Нұрдәулет Сағатбектің алғашқы жетістігі емес. Ол бұған дейін бірнеше республикалық және облыстық байқауда топ жарған.

А.ЖОЛДАС