Жемқорлықпен күресте әлемдік тәжірибе ескеріледі
Жемқорлықпен күресте әлемдік тәжірибе ескеріледі
119
оқылды

Елбасы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуел­сіздік жылдарында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес мәселелері бойынша ау­қымды іс атқарылғанын айтты. – Біз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жемқорлыққа қарсы күрес саласында жұмыс істеп келеміз. Дегенмен әлі де атқарылатын шаруа аз емес. Бұл процеске қоғамды жұмылдырған жөн. Осы бағытта әлемдік тә­жірибе жеткілікті, соны зерттеуді және қолданысқа енгізуді жалғас­тыру керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Кездесуде М.Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлық қатерлерін талдау және алдын алу, сыбайлас жемқорлық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту шаралары  туралы айтты. Сондай-ақ агенттік қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жос­парын баяндады. Агенттік төра­ғасының мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясы жақ­сарып, 122-орыннан 94-орынға ауысты.