Дзюдодан ел чемпионаты басталады

Дзюдодан ел чемпионаты басталады

Елордада дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

9-11 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен жас балуандар қатысады. 9 маусым күні әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақта, ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақта белдеседі. 10 маусымда әйелдер 57, 63, 70 келіге дейінгі салмақта, ерлер  73, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі. Ал 11 маусымда ерлер 90, -100,+100 келі салмақта, әйелдер -78, +78 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Айбике ЖАНАСЫЛ