«Алматы – Қорғас» жолында екі адам көлікте жанып кетті
«Алматы – Қорғас» жолында екі адам көлікте жанып кетті
5,141
оқылды

«3 маусымда сағат 17:59-да Алматы облысының ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Қорғас» автожолының 82 шақырымында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 техника барды. Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі 45 шақырым қашық еді. Көліктен 2 жолаушының жанып кеткен денесі табылды», – деді құтқарушылар.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.