Астанада 14 жастағы жасөспірім 20-қабаттан құлап, көз жұмды
Астанада 14 жастағы жасөспірім 20-қабаттан құлап, көз жұмды
90
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, 29 мамырда сағат 23.18-де Есіл ауданының полиция бөлімшесіне Қабанбай батыр даңғылында 20-қабаттың балконынан жасөспірімнің құлап кеткені туралы хабар түскен.

«Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға кезінде 14 жастағы жасөспірімнің анасы үйде болған. Жасөспірімнің жеке компьютерін алып тексеру кезінде суицид бағыттағы сайтты қарамағаны, ойын ойнамағаны анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деді полицейлер.

Бұған дейін Алматы облысында оқушы қорада өзіне өзі қол жұмсағанын жазған болатынбыз.