Немересі әжесінің бір миллион теңгеге жуық қаржысын құмар ойынға жұмсап жіберген
Немересі әжесінің бір миллион теңгеге жуық қаржысын құмар ойынға жұмсап жіберген
118
оқылды

Polisia.kz-тің мәліметінше, биыл 14 мамырда Ақкөл ауданы Еңбек ауылының 70 жастағы тұрғыны 2021 жылы 16 наурызы мен 11 мамыры аралығында оның банктік шотынан 848 мың теңге көлемінде ақша ұрлағанына шағымданған.

Зейнеткер банкоматтан қолма-қол ақша алмақ болған. Бірақ есепшотында ақша жоқ екенін білгенде аң-таң болған. Банк ақша букмекерлік кеңсенің шотына аударылғанын хабарлады. Істі тергеу барысында полицейлер зейнеткердің немересі банк картасын пайдаланғанын анықтады. Немересі кінәсін мойындады. Ол әжесінің ұялы телефонын пайдаланып, букмекерлік кеңсеге бәс тігуге ақша аударған. Операцияларды растау кодтары бар хабарламаларды телефоннан өшірген. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.