Ұлттық банк өкілі 2006 жылы шыққан банкноттарды айырбастау мерзімі қашан аяқталатынын айтты
Ұлттық банк өкілі 2006 жылы шыққан банкноттарды айырбастау мерзімі қашан аяқталатынын айтты
180
оқылды

«Халықтың өтініші негізінде халықаралық тәжірибені ескеріп, Ұлттық банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады. Жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай ішінде ескі банкнот қатар қолданыста жүреді. Тоқетері, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады», – деді Жомарт Қажымұратов.

Оның айтуынша, қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық банктің филиалдары, екінші деңгейлі банк бөлімшелері, «Қазпошта» кеңселерінен айырбастап алуға болады.

«Егер сіз белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде екінші деңгейлі банктер мен «Қазпоштадан» айырбастай алмай қалсаңыз, онда Ұлттық банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды», – деді ол.

Жаңа ереже 12 маусымнан бастап күшіне енеді.