Министрліктің мәліметінше, бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.
Бұдан былай мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға болмайды.«Тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз былтыр кірістік. Тізім Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы сотпен бірлесіп жасалды», – деді министр Асхат Аймағамбетов.
Егер балалар осы тыйым салынған заттарды мектепке әкелсе, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауап береді.