«СҚ-Фармация» қызметкерлеріне 179 млн теңге сыйақы төлейді
«СҚ-Фармация»  қызметкерлеріне 179 млн теңге сыйақы төлейді
94
оқылды
«СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевке компанияның әкімшілік шығындары туралы айтып берді. 
«Былтырдан бастап біз бүкіл жүйені қайта жүктеп, әкімшілік шығындарды үздіксіз оңтайландырып келеміз. Атап айтқанда, шығындарды үнемдеуден 239 млн. теңге артылды. Байланыс қызметтері бойынша шығыстар қысқартылып, имиджд шығындары толық қысқартылды. Жөндеу жұмыстарына арналған шығындар, сондай-ақ сот даулары бойынша шығындар да жойылды. Министрліктің тапсырмасы бойынша ғимаратты жалға алу шығыстарын бір шаршы метрге 7 000 теңгеден 5 990 теңгеге дейін төмендеттік. Бұл - нарық бағасы. Қазір автокөлікті жалға пайдаланып отырмыз. Бұл сомаға жүргізушілердің жалақысы, қызмет көрсету, жанармай шығыны кіреді. Оның көлемі былтырғыдан жоғары емес», - деген «СҚ-Фармация» басшысы биыл қанша сыйақы алатындарын айтты.
Оның айтуынша, «СҚ-Фармация» сыйақыларға биыл 179 миллион теңге бөлген.
"Медициналық ұйымдар шеңберінде алсақ, стандартты сома деуге болады. Бұл сыйақының басқарма мүшелеріне қатысы жоқ», - деді Ерхат Есқалиев брифингте.
Компания басшысы бұрынғы басшылығының үстінен қозғалған тергеулер аяқталғанша қазіргі басқарма мүшелеріне де жыл сайынғы бонустық сыйақы төленбейтінін айтты.