Тараз төрінде рәміздер күніне үлкен шеру өтті
Тараз төрінде рәміздер күніне үлкен шеру өтті
139
оқылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Тараз төрінде бар салтанатымен аталып өтті.  «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін «Менің  Туым, Менің Отаным» атты патриоттық жастар акциясы аясында жаяу жүргіншілер мен  вело-автошеру ұйымдастырылып, концерттік бағдарламамен ұласты. Сондай-ақ мереке аясында   қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Туды ілу, шаһардағы  мекемелерде бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және  «Mart», «Small», «Вкусная Корзинка» орталықтарында тақырыптық блиц-викториналар  өткізіліп,  жиылғандарға сый-сыяпаттар тарту етілді. Сонымен қатар  белсенді жастар мен волонтерлар да арнайы марапаттарға ие болды.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы