Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігі басып кетті
Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігі басып кетті
Қайғылы оқиға Алматының Түрксіб ауданында болған. JAC маркалы жүк көлігі Ақсу көшесімен батысқа қарай бет алған. Куәгерлердің айтуынша, 7 жасар қыз бала самокатпен дүкен маңында сырғанап жүрген. Бір кезде самокат көліктің алдына келген. Жүк көлігінің жүргізушісі тежегішті басып, көлігін басқа жаққа бұрған. Бірақ бала көліктің астына түскен. Қыз бала алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.