Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде «Антикор қызметкері» деп тараған видео фактісі бойынша жауап берді.
«Аталған азамат ешқашан Антикор қызметкері болған емес және қазір де қызмет атқармайды», - делінген ведомство жауабында.2 маусымда аталған азаматтың Қ. есімді Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. https://www.youtube.com/watch?v=AFanOa7Fbzc