Балаларға ойын алаңын салып берді
Балаларға ойын алаңын салып берді
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы Ақсу шағынауданы тұрғыны Жулдызай Бухарова партия филиалына қоңырау шалып, ауылында 250 балаға арналған  ойын алаңының жоқ екенін айтты. Ал Шымкент қаласы әл-Фараби ауданына қарасты Әлімбетов көшесі тұрғындары «Nur Otan» партиясы әл-Фараби  аудандық филиал төрағасына ауладағы 150-ге жуық балаға  спорт алаңшасын салып беру туралы өтініш білдірген. Жаңаөзендегі партия филиалы өтінішті орындау мақсатында «Өзенинвест» коммуналдық мекемесіне хат жолдады. Ал Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы әкімі, филиал төрағасы Рашид Мамытұлы  мән-жайды анықтап, тұрғындардың өтінішін негізге алып, жеке кәсіпкер Серік Тульбасовпен кездесіп, құрылыс жұмыстарын талқылады. Бас мердігер «Ферротекс» ЖШС құрылыс нысанын бастап,  25 күнде жұмысты бітірді. Спорт алаңшасы жер телімінің ауданы – 0,0288 га.   Осылайша, «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ақсу шағынауданы, Ж.Дәуітов көшесінде футбол ойын алаңын, ал Шымкент қаласының әл-Фараби ауданында спорт алаңшасының ашылу салтанатын өткізіп, балаларға сый жасады.  width=