Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды
Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды
169
оқылды
Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Тоғанас ауылына баратын кіреберіс жолды жөндеу  – аудан бойынша бұрыннан көтеріліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. 2020 жылы  жұмыстың жартысы ғана атқарылған еді. Сайлау науқанында Тоғанас ауылы халқының аманаты ретінде партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, жол картасында 2021 жылы жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып, жауапты аудандық мәслихат депутаты Жасқайрат Кенжебаев бекітілген болатын. 2021 жылғы 25 мамыр күні жолдың орташа жөндеу жұмыстарына филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы рейд жүргізді. тұрғын Нысанның басында мердігер «Айдана» ЖШС директоры Армен Амирханян келді. Жол салу құны – 741 млн теңге. Бүгінде 7,5 шақырым жолға асфальт төселді. Ауыспалы тәртіппен жұмыстың қалған бөлігі биыл маусым айының соңына дейін аяқталмақ. Кіреберіс жолдың округ үшін де, аудан үшін де стратегиялық маңызы бар. Біріншіден, трасса тұрғындардың өмір сапасын арттырады, екіншіден, округті инвесторлар үшін тартымды етеді.