Алматыда ер адамның көшеде қызға шабуыл жасап, тонаған сәті видеоға түсіп қалды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Белгісіз ер адамның әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Кадрдан ер адамның көшеде келе жатқан қыздың қолына жармасып, затын тартып алғаны көрінеді. https://www.youtube.com/watch?v=rJqx_MIwEyY Полиция бұл деректі ҚР ҚК-ның 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатқанын айтты.
"Қылмыс бүгін таңертең жеке сектор аумағында болды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деді Алмалы аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.