Шаңырақ шағынауданы тұрғындары табиғи газға қол жеткізді
Шаңырақ шағынауданы тұрғындары табиғи газға қол жеткізді
188
оқылды
1965 жылы Шаңырақ шағынауданы Достық көшесіндегі 12-үй жатақхана ретінде пайдалануға беріліп, кейін 90-жылдары жекешелендірілген. Көппәтерлі тұрғын үйге газ жүйесі тартылмағандықтан, тұрғындар әкімдікке өтініш білдірді. Бұл мәселе партия филиалының төрағасы М.Ибағаровтың жеке қабылдауында, жылдық қорытынды есеп беру кездесуінде көтерілген болатын.  Осыған орай, қала тұрғыны Нұрбек Сұлтанов партия филиалынан үйге табиғи газ жеткізу бойынша көмек сұраған. Мәселені шешу үшін қалалық құрылыс бөліміне тапсырма беріліп, кешенді даму жоспары аясында Рахат, Теңге ауылдарының аяқталмаған жер учаскелеріне газ құбырын тарту жобасының құрамына «Шаңырақ» ш/а, Достық көшесі, 12-үйді газдандыру мәселесі қосылды. 2020 жылы конкурс өткізіліп, «Шебер Құрылыс» ЖШС жеңімпаз атанған еді. Жобаға тиісті қаражат бөлініп, биыл газдандыру жұмыстары басталды. Мердігер мекеме жоба бойынша «ҚазТрансГазАймақ», «РЦКУ» мекемелерімен бірлесе отырып,  25 мамыр күні көппәтерлі тұрғын үйге газ қосты. Аталған тұрғын үй 12 пәтерлі 2 қабатты. Қазір мұнда 50-ден астам адам тұрады.  width= width=