Тас жолда жанып кеткен екі әйелге көмектеспек болған куәгер видео жариялады
Тас жолда жанып кеткен екі әйелге көмектеспек болған куәгер видео жариялады
230
оқылды
Алматы-Қорғас тас жолында екі әйелдің көлікте тірідей өртеніп кеткен оқиғасының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көліктің жанған сәті көмек көрсету үшін тоқтаған машинаның видеотіркегішіне жазылған. Видеодан жол жиегінде тұрған автокөліктің алдымен түтіндеп, кейін қызыл жалынға оранғанын көруге болады. Сол сәтте ер адам көліктің алдыңғы есігін ашып шығады. Артқы есік ашылғанымен, басқа ешкім шығып үлгермейді, көлік өртке оранады. Өзге көліктің жүргізушісі машинасын бірден тоқтатып, өрт сөндіретін құрылғысын ала жүгіреді. Алайда, жалынды өшіру мүмкін болмайды.
«Екі әйел адам тірідей жанып кетті. Мен көмектесуге барынша тырыстым. Бірақ өртті өшіру мүмкін болмады», – деп жазған видео авторы.
https://www.youtube.com/watch?v=-xywRth8ous   Құтқарушылар дер кезінде оқиға орнына жете алмаған. Себебі, жақын маңда өрт сөндіру қызметі болмаған. Өрттің шығу себебі анықталуда.