Қуанса, бала қуансын!
Қуанса, бала қуансын!
Облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев Қызылорда қаласындағы Ақмешіт шағынауданының тұрғындарымен  кездесу өткізді. Кездесуде  тұрғындар жарық беретін сымдарға  кедергі келтіріп тұрған ағаштарды кесу және шағынаудан тұрғындары мен жас жеткіншектерге  арналған спорт алаңын салу мәселесін көтерді.   Мағжан Ералиев тұрғындардың ұсынысын назарға ала отырып, қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің техникаларын жұмылдыра отырып, сымдарға кедергі келтіріп тұрған  ағаштарды кестірді және өз қаражаты есебінен (7 миллион 900 мың теңге) ашық аспан астындағы спорт алаңын салу жұмыстарын бастады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып, спорт алаңы пайдалануға берілген. Ақмешіт шағынауданының  тұрғындары балаларға жасаған  игі ісі  үшін облыстық мәслихаттың  депутаты Мағжан Ералиевке алғыс білдірді.  width=