Жамбылда вакцина үйде салына бастады
Жамбылда вакцина үйде салына бастады
87
оқылды
Мобильді егу бригадасының құрамында  терапевт дәрігер мен егу медбикесі бар. Алғашқылардың бірі болып мұндай қызметті  69 жастағы қала тұрғыны  Уруза  Әуелбекова пайдаланды. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы  қант диабетімен және жоғары қан қысымымен ауырады. Екінші топтағы мүгедек өз бетімен жүре алмағандықтан, екпені үйінде салдыруға келісім берген. Қарияның денсаулығын тексеріп шыққаннан кейін  дәрігерлер оған  «Хаят вакс» вакцинасын салды.  Екпенің екінші кезеңіне  дейін Уруза  мекенжайы бойынша емхана дәрігерлерінің   бақылауында  болады.
- Мен  теледидардағы жаңалықтан көріп,  егде жастағы және мүгедек тұрғындарға үйге келіп салуға болатындығын ести сала, емханаға хабарластым.  Олар маған  бірден келісім берді. Міне,  бүгін маған   дәрігерлер үйіме келіп екпе салып берді.  Дәрігерлерге үлкен рақмет! Бұл - мен сияқты өз бетімен жүріп-тұра алмайтындарға өте ыңғайлы, – дейді Уруза апай.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы