Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 іріктеуіндегі бірінші ойында Бельгияға есе жіберді
Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 іріктеуіндегі бірінші ойында Бельгияға есе жіберді
118
оқылды
Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің алғашқы матчында бельгиялық қатарластарынан жеңілді, - деп хабарлайды Prosports.kz. Матч Ақтөбеде Қобыланды батыр атындағы стадионда өтті. Ойын қонақтар пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. 28-минутта Кильян Сарделла есеп ашты. Ал 43-минутта Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестірген. Бірақ бірнеше минуттан кейін Амаду Онона бельгиялықтарды тағы да алға шығарды. Ал 75-минутта Луи Опенда гол соғып, ойын нүктесін қойды. Еуропа чемпионаты – 2023. U-21. Іріктеу кезеңі. I тобы. 1-тур. Қазақстан U-21 – Бельгия U-21 1:3 (1:2)