Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
87
оқылды
Синоптиктер 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысында түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.