Мәжіліс Үкіметтің есебін тыңдайды
Мәжіліс Үкіметтің есебін тыңдайды
5,091
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төра­ға­лығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібі нақ­тыланды.

Алдағы жалпы отырыста де­­путаттар қарауына Қазақстан  Үкіметінің  және  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы  республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсы­нылатын болады. Бюро отырысында депу­таттарға бірқатар заң жобасын II оқылымда қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құ­қық­бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне жер қаты­настарын дамыту мәселелері бойын­ша өзгерістер мен то­­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасын II оқы­лымда қарау көзделіп отыр.

М.ТӨЛЕУ