Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына Қазақстан Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылатын болады. Бюро отырысында депутаттарға бірқатар заң жобасын II оқылымда қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын II оқылымда қарау көзделіп отыр.М.ТӨЛЕУ