Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті.
Нұрлан Нығматулин Армения Президентінің елімізге екі мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мемлекеттік сапарының маңызы туралы айтты. Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Армения Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін саяси диалогті және Қазақстан–Армения арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, қазақстандық парламентшілер бұл үшін қажетті заңнамалық көмек көрсетеді. Өз кезегінде Армения Президенті еліміздің жаһандық үдерістердегі рөлін атап өтіп, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді атады. Қазақстан–Армян ынтымақтастығы туралы айта келе, Армения Президенті Қазақстанды ҰҚШҰ, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдардағы жақын серіктес ел деп атады. Бұл ретте Армен Саркисян одан әрі өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде парламентаралық байланыстың маңызын да атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін және Оңтүстік Кавказ өңіріндегі сенімді серіктес мемлекет екенін атап өтіп, армяндық әріптестерімен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеялары және басқа да бірлестіктер алаңында тығыз өзара іс-қимыл орныққанына назар аударды.Мадияр ТӨЛЕУ