БҰҰ Қазақстанның бастамаларын қолдайды
БҰҰ Қазақстанның бастамаларын қолдайды
180
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ви­деоконференция режимінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың бас­пасөз қызметі хабарлады.

Келіссөз барысында Қазақ­станның Біріккен Ұлттар Ұйы­мымен арадағы ынтымақтас­ты­ғының басым бағыттары талқы­ланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ бас­шысы лауазымына екінші мерзім­ге ұсынған кандидатурасын Қа­зақ­станның қолдайтынын нақ­тылады. Тараптар Ауғанстандағы ах­уал­ға байланысты өңірлік қауіп­­­сіздік пен тұрақтылықты қам­тамасыз ету мәселесін жан-жақ­ты қарастырды. Мемлекет бас­шысы Ауғанстанға көр­се­ті­летін көмекті жалғас­тыруға дайын екенін және сол елдегі тұ­­­рақ­тылықты қалпына келтіруге бағытталған халық­аралық іс-қи­мылдарға атса­лы­сатынын айтты. Бұл ретте, БҰҰ Бас хатшысы аталған үдерісті ілгерілетудегі Орталық Азия мемлекеттерінің, соның ішінде Қазақстанның айрықша рөлін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына коронавирусқа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде QazVac отандық вакцинасының әзірлемесі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін халықтың 55 пайызына екпе салу жоспарын жеткізді. Антониу Гутерриш коронавирус індетіне қарсы қазақстандық вакцинаның әзірлемесін және жаппай екпе салу науқанының табысты жүр­гізіліп жатқанын құптады. БҰҰ Бас хатшысы теңізге шы­ға­тын жолы жоқ дамушы елдер то­бы­на кіретін мемлекеттердің мүд­де­сін қорғауға бағытталған Қа­зақ­станның бастамасын құп­тады. Қазақстан Президенті биыл қараша айында Глазгода өтетін СОР26 дүниежүзілік климат кон­ференциясына қатысуға ниетті екенін жеткізді. Аталған жиын ба­ры­сында 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегінен ада ел болуға қол жеткізу жөніндегі жаңартылған ұлттық шаралары жарияланады. Антониу Гутерриш Қазақ­стан­ның ядролық қаруға қарсы жа­һандық мәселені ілгерілетудегі көшбасшылығын жоғары баға­лады. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысын Семей полиго­ны­ның жабылғанына 30 жыл толуына орай тамыз айында елімізде өт­кізілетін халықаралық конферен­цияға шақырды.