Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады
Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады
178
оқылды

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық қабылдау бөлме­сінде облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тлемісов тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктеме мен кеңес берілді. Қабылдауда бей­небайланыс арқылы жалғызбасты ана мүмкіндігі шектеулі қызымен бірге көпқабатты үйде тұратынын баяндап, қызының күнделікті қозғалысына, емдеу шараларына баруға, жоғары қабаттан төменге түсіп, жүріп-тұруына көмек сұрап, хабарласты. Қызын жалғыз өзі көтеріп, түсіріп жүре алмайтынын айтты. Хабарласқан тұрғынның байланыс деректерін жазып алып, Тұрарбек Тлемісов жергілікті еріктілерге сауал жол­дады. Ана­мыздың жағдайы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көмекке ерікті­лердің күші жұмыл­дыры­латын болды. Келесі хабарласқан тұрғын, үйінің маңайында орналасқан «Белгілі тұрғылықты жері жоқ тұл­ғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығының» алдында келуші­лердің көптеп жиналуы тұрғындар­ды алаңдатып отыр­ғанын мәлім­деді. Тұрғылықты мекенжайы жоқ келушілердің теріс қылықтары балаларға кері әсерін тигізеді деп алаңдайтынын хабарлады. Тұр­ғындар бұл ме­кемені өзге мекен­жайға ауыс­тыруын сұрады. Мәлім­делген барлық жағдай назарға алынып, тиісті мекемелерге сауал жол­данды. Бұл мәселе депутаттың толық бақылауына алынды. Сондай-ақ қабылдауға оф­флайн форматта келген тұр­ғындар болды. Көпбалалы ана тұрғын үй мәселесімен келді. Қазір қалада жалдамалы пәтерде тұрып жатыр екен. Ауданда апатты үй кезегі бойынша 26-орында тұр­ғанын айтып, бірақ кезегі бойын­ша әлі үй ала алмай жүргенін атап өтті. Депутат заңнамалық тұр­ғыдан барлық түсініктемелер берді. Аудан тұрғынының барлық бай­ланыс деректерін жазып алып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданды. Қабылдау кезінде Тұрарбек Тлемісов тұрғындардың өтініш­терін тыңдап, қолданыстағы заң­дарға сәйкес түсініктеме мен кон­сультативтік-құқықтық кеңес берді.

Әбілмансұр ЖАСАН