«Аңсаған сәби» бағдарламасын талқылады
«Аңсаған сәби» бағдарламасын талқылады

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы және Қазақстанның 2020-2021 жылдарға арналған «Аңсаған сәби» бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облыстық Ден­саулық сақтау басқармасында Л.Есенғалиеваның төрағалы­ғымен арнайы жұмыс тобының отырысы өтті.

Аталған жиынға «Nur  Otan» партиясы Маңғыстау об­лыс­тық филиалы төрағасының орын­басары З.Есбергенова және Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Р.Утесбаева қатысты. Отырыстың мақсаты – қо­салқы репродуктивтік техноло­гияларды қолдана отырып, бе­деулікті емдеу үшін медици­на­лық ұйымдарға жіберуге па­циенттерді іріктеу және арнайы квоталарды бөлуді талдау. Отырыс барысында депутат Р.Утесбаева арнайы квота бөлу жөніндегі мәселелері бойынша өз ұсынысын беріп, талқылады. Сонымен қатар отырыстан кейін партия төрағасының орын­басары З.Есбергенова және мәслихат депутаты Р.Утесбаева Маңғыстау облыстық Денсау­лық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған бас­шы­ның орын­­басары А.Жмуровпен кез­десіп, сайлауалды бағдар­ламаны жүзеге асыру мақ­са­тында об­лыстық балалар емха­насын күрделі жөндеуден өткізу мә­селесі талқыланып, ұсыныс берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН