10 заңсыз ойын мекемесі қызметін тоқтатты

10 заңсыз ойын мекемесі қызметін тоқтатты

Экономикалық тергеу департаменті Шымкент қаласындағы 10 заңсыз ойын мекемесінің қызметін тоқтатты. Қаланың төрт тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Мәселенің мән-жайын Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, қабылданған шара­­­­лар­­дың нәтижесі бойынша мемлекет кі­рісіне 30-ға жуық бірлік ойын жабдығы берілді. 12 заңсыз ойын терминалы жойылды. Заңсыз схе­маны ұйымдастырушылар сот­талды. Қаржы мониторингі агент­тігі заңсыз ойын бизнесін Қазақ­стан заңнамасында бел­гіленген орындардан тыс ұйым­дастырғаны үшін ұйым­дасты­рушылар үшін де, үй-жай иелері үшін де қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сондықтан ел тұрғындарын үй-жай маңында ойын аппаратын немесе ойын мекемесін көрсе, агенттікке хабарласуға шақырады.

А.ЖОЛДАС