Автокөлік шеруі жолға шықты
Автокөлік шеруі жолға шықты
129
оқылды

Шымкентте Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай эстафета түрінде автокөліктер шеруі басталды. Іс-шараны ұйым­дастыруға «Nur Otan» пар­тиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты атса­лысты.

Іс-шараның мақсаты – мем­лекеттік рәміздердің еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлеке­тіміздің өткені мен бүгіні және бо­лашағы арасындағы сабақтас­тықтың жарқын көрінісі екенін, сондай-ақ халқымыздың мұқал­мас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгі ретінде таныту. Эстафетаны алғаш болып Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев бастады. Қолына көк Туды алып, 12 өнерпазбен бірге көлікпен қала көшелері арқылы «Арбат» дема­лыс аймағына жол тартты. Ол жерде «Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері», бокстан Әлем чемпионы, Олимпиада ойын­дарының қатысушысы Біржан Жақыповқа эстафетаны жолдады. Әрбір белгіленген орында тұрғындарға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты мүшелері рәміздерге бай­ланысты сұрақтар қойып, жеңім­паздарға QAZAQSTAN шоко­ладын табыстайды. Кең баба саябағында спортшы эстафетаны №1 қалалық кли­никалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайға ұсынды. Кейіннен шеру Асар шағынау­данында «Үздік педагог-2020» жеңімпазы Жадыра Шабденге табысталып, одан ары «Шымкент Ситиді» айналып өтіп, әкімшілік іскерлік алаңына қарай жол тартады. Ол жерде бүгінгі күн­нің батыры, №1 мамандан­дырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөн­діруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Вахиджан Казакбаевқа табыс­талады.

Әбілмансұр ЖАСАН