«Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты
«Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты
156
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты.

Франция ашық чемпионатының 21-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина үшінші айналымда ресейлік Елена Веснинамен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Отандасымыздың айқын басымдылығымен өткен бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды. Рыбакина матч барысында 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы бір эйс, бір брейкпен шектелді. Енді Елена ширек финалға шығу үшін америкалықтар, кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, «Үлкен дулыға» турнирінің 22 мәрте чемпионы Серена Уильямс немесе Даниэль Коллинз жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Осылайша, Рыбакина спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына шығып отыр. Еске салайық, бұдан бұрын А.Бублик пен А.Голубевтің «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, ал З.Дияс әлемнің 15-ракеткасына жол берді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ